Станислав Черчесов: Бахтиер бабында, көңіл-күйі де жақсы

05.09.2024, 13:21

Қазақстан – Норвегия кездесуінің алдында ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз-мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Станислав Черчесов: Бахтиер бабында, көңіл-күйі де жақсы
Станислав Черчесов

Ресейлік маман Бахтиер Зайнутдиновке байланысты сұраққа өзінің жауабын қатып, футболшының қазіргі бабына байланысты пікірін білдірген болатын.

«Кусяповтың жарақатына байланысты қазір құрама қатарына Балтабеков шақырту алды. Зайнутдинов жайлы айтар болсақ, онымен үнемі хабарласып отырдық. Бахтиердің өзімен ғана емес, клубының басшылығымен де байланыстамыз. Енді оның деңгейін білеміз. Мұндай ойыншы кез-келген команда үшін қажет. Зайнутдинов қазір командамен бірге жаттығу жасауда. Соңғы екі ойында иә қосалқы құрамда отырып қалды. Ал құрама қатарына келген екі күндегі жағдайы көңілімізден шығады. Бүгін таңертең өзімен де сөйлескен едік. Осы тұрғыдағы сұрақты өзіне де қойғам. Бахтиер бабында, көңіл-күйі де жақсы. Кешке дейін алаңда қалай ойнату керектігін ойластыра жатармыз», - деген еді ресейлік жаттықтырушы.

Естеріңізде болса, ертең Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан Норвегияны қабылдайды. Ал үш күннен кейін біздің жігіттер сырт алаңда Словенияға қарсы ойын өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×