Словениядағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов БАҚ өкілдерінің біраз сауалдарына жауап берді.
Ресейлік маман баспасөз-мәслихатында ҚПЛ деңгейі мен қазақстан біріншілігіндегі футболшылардың дәрежесіне де тоқталды.
«Егер әлдебір жас футболшылар шығып, мен оларды байқамай, құрамаға шақырмасам, иә ондай жағдайда сынды қабылдаймын. Ал жалпы біз барлығымыз бір чемпионатты, Люксембургтің командасын жеңе алмай жүрген Еуропа Лигасы мен Конференция Лигасының ойындарын бірге тамашалап жүрміз. Сондықтан бұл жағдайға сәл дұрыс жағынан келу керек де есептеймін. Біздегі футболшылардың тең жартысы өздерінің командаларында да ойнап жүрген жоқ. Сондықтан, бұл менің командам, менің футболшыларым. Бүгін олар 0:3 есебімен жеңілді, алайда менің оларға деген қарым-қатынасым өзгермейді. Менің міндетім қолдау білдіріп, шәкірттерімнің келесі матчта бұдан да жақсы өнер көрсетуіне жағдай жасау. Бар болғаны осы ғана», - деді Станислав Черчесов.
Айта кетейік, кеше түнде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен жолығып, жауапсыз 3 доп жіберді. Бұл қазақстандық команданың Ұлттар Лигасының аясындағы екінші кездесуі болатын. Топтағы бірінші бәсекеде Станислав Черчесовтің шәкірттері Норвегиямен тең тарқасқан (0:0). Қазір біздің команда бір ұпаймен өз тобындағы соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET