Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Бауыржан Исламханды жақында өткен матчарда алаңға шығармауының себептерін түсіндірді.
Ресейлік маманның айтуынша, «Ордабасының» жартылай қорғаушысына шеберлігін шыңдай түсу керек.
«Мен оны жай шақырғам жоқ, ол бірнеше рет менің кабинетімде болды. Екеуміз әңгімелестік, сол кезде менімен өзі де келіскен. Оны БАӘ-ге кетпей тұрып көргем, содан бері көріп тұрғаным осы және бұл мүлде екі бөлек адам. Әзербайжанмен матчты тамашалап Исламханды мүлде тани алмадым. Ол екеуара әңгімемізді дұрыс түсінді, қай жерлерін түзеу керектігін біледі. Неліктен бірінші ойында да, екіншісінде де алаңға шыққан жоқ? Бізде ондай функция болмады. Исламхан ақылды жігіт, ақымақтар ол сияқты доп тебе алмайды. Сондықтан, күтейік, олардың бапкерлері ауысты, Исламханға шеберлігін шыңдауға көмектесіп жіберейік. Оған алаңда нақтылық жетіспейді, бұрын әр пасты қанжардай тіліп тұрып беретін еді. Мұндай ойыншының барына бақыттымын, бірақ енді біз бірге жұмыс істеуіміз керек», - деді ресейлік маман.
Айта кетейік, кеше түнде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен жолығып, жауапсыз 3 доп жіберді. Бұл қазақстандық команданың Ұлттар Лигасының аясындағы екінші кездесуі болатын. Топтағы бірінші бәсекеде Станислав Черчесовтің шәкірттері Норвегиямен тең тарқасқан (0:0). Қазір біздің команда бір ұпаймен өз тобындағы соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET