Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының жетістігіне сенім білдірді

21.03.2025, 16:58

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық командаға Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы кездесуде сәттілік тіледі.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының жетістігіне сенім білдірді
Станислав Черчесов

«Қазақстан құрамасына ӘЧ-2026-жылғы іріктеуінің аясындағы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарда сәттілік тілеймін! Біздің өткен циклдағы тәжірибеміз енді жаңа штабтың жұмысымен ұштасып Қазақстанның алдағы матчтарына бір септігін тигізеді деп үміттенемін. Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мерекесімен және көктемнің келуімен құттықтаймын!», - деді ресейлік маман. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов былтыр жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды. Биыл жыл басында ҚФФ ресейлік бапкермен келісімшартты үзді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×