
Былтыр Қазақстан құрамасын жарты жыл баптаған ресейлік маман Станислав Черчесов жақын күндері жаңа қызметке тағайындалуы ықтимал.
Бұл туралы «Sport Baza» Telegram-арнасы жазды. Дереккөздің мәліметінше, Черчесов жақын күндері «Ростов» футбол клубына бас бапкер болып тағайындалмақшы. Бұл ұсынысты С.Черчесовке жақын арада «Ростовке» иелік ететін ресейлік кәсіпкер Иван Саввиди жасаған көрінеді. Дегенмен, Черчесов әлі нақты жауабын бермей, ойлануға уақыт алған делінген.
Sport Baza-ның жазуынша, Станислав Саламұлы жазда мәскеулік «Динамоның» тізгінін ұстаудан дәмелі. Ресейлік маман бапкерлік мансабында бірде-бір рет РПЛ чемпионы атанып көрмегендіктен, жетістікке «Динамомен» бірге жеткісі келеді деген ақпарат бар.
Айта кетейік, Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкерлігіне былтыр жазда тағайындалды да, биыл қаңтарда өз орнын босатты. Ұлттар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, 6 ойынның 5-де жеңілді және команда бірде-бір гол соға алған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET