Станислав Черчесов: Максимнің жарақаты Рамазандікінен ауыр

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.09.2024, 15:13

Бүгін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов БАҚ өкілдерімен баспасөз-мәслихатын өткізіп, журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Станислав Черчесов: Максимнің жарақаты Рамазандікінен ауыр
Максим Самородов Қазақстан құрамасының сапында

Жиын барысында ресейлік маман құрама қатарындағы бірнеше футболшының жарақатына байланысты сауалдарға да жауабын айтқан болатын.

"Максимнің жарақаты Рамазанның жарақатынан ауыр. Екеуі де құрамаға келді, жаттығу жасап үлгерді. Жарақатының қандай деңгейде екенін мен нақты айта алмаймын, бүгін кешке дәрігерлер тексеріп, соңғы сөзді сол мамандар айтады. Дәрігерлер ойнауға болады, десе ертең алаңнан көріп қаласыздар", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маман осы маусымда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ұлттар Лигасы аясындағы Норвегияға қарсы матч Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі алғашқы ресми кездесуі болмақ.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×