Станислав Черчесов: Шушеначев болашағына байланысты таңдау жасап алсын, осыдан кейін әрекет етеміз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
11.09.2024, 17:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Артур Шушеначев туралы пікірін айтты.

Станислав Черчесов: Шушеначев болашағына байланысты таңдау жасап алсын, осыдан кейін әрекет етеміз
Артур Шушеначев «Хапоэль» Беэр-Шева сапында

Ресейлік маман бүгінде Израильде өнер көрсететін ірі денелі шабуылшының құрамаға қажет екендігін жеткізді.

«Шушеначев қазір командасын ауыстыруы мүмкін. Ол да «Қайратта» доп теппеді ме? Иә, мұнда гол салды, шетелде азырақ мергендік танытып жүр. Құрама команда қатарына да келді, бұл жерде несімен ерекшеленді? Шушеначев ойнай алмайды деген қортынды жасауға болмайды. Өзінің командасында орнығып алуына біраз уақыт керек, сол кезде бізге басқа жағдайда келіп қосылмақ. Бізде мұндай ірі денелі шабуылшы жоқ, сондықтан Шушеначев те бір нұсқаның бірі. Мен мұндай ойыншылармен жұмыс істей аламын, иә, Дзюбамен жұмысымды білесіздер. Қазір Шушеначев болашағына байланысты таңдау жасап алсын, осыдан кейін әрекет етеміз», - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Артур Шушеначев туралы ойын түйіндеп.

Естеріңізге сала кетейік, Артур Шушеначев қазір Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» командасында доп тебеді. Алайда, қазақстандық футболшы жуырда клуб ауыстыруы мүмкін еді: футболшыға кипрлік «Анортосис» құда түскен болатын. Бірақ қос тарап келісімге келе алмаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
×