Станислав Черчесов: ұпай алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз

13.11.2024, 10:11

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасындағы екі матчқа қатысты ойын ортаға салды.

Станислав Черчесов: ұпай алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз
Станислав Черчесов

Ресейлік маман қарсыластардың деңгейіне тоқталып, Аустрия мен Норвегияға қарсы ойындардан не күтетінін жеткізді. 

«Аустрия, Норвегия мен Словенияның деңгейлері шамалас. Алайда, аустриялықтар сәл ширағырақ ойын көрсетуде. Норвегияны бекерден-бекер ірі есеппен ұтқан жоқ қой. Аустрия осы себепті де топтағы көшбасшылықтан үмітті. Бірақ біз ұпай алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Станислав Черчесов. 

Қазақстан құрамасы әзірге өз тобында соңғы орында. Қоржынымызда Норвегиямен өткен кездесуде еншілеген бір ұпай ғана бар (0:0). Ұлттық команда ертеңгі ойыннан соң 17-қарашада Норвегиямен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×