Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазіргі таңда Грозныйдың “Ахмат” клубын жаттықтырып жүрген Станислав Черчесов Еуропада қайтадан жұмыс істеу жоспары туралы пікір білдірді.
Ресейлік маман бұған дейін Польшаның “Легия” және Венгрияның “Ференцварош” клубтарын жаттықтырып, екі елде де ұлттық чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.
Еуропада қайта бапкерлік ету ойыңыз бар ма? — деген сұраққа Черчесов қысқа әрі нақты жауап берді:
“Егер ұсыныстар келсе — ойланып көремін. Ал егер олай болмаса, ол туралы ойлаудың да қажеті жоқ.” — деді ол “Матч ТВ”-ге берген сұхбатында.
Осылайша, тәжірибелі бапкер қазіргі таңда Еуропаға қайта оралуды емес, “Ахматтағы” жұмысқа толық көңіл бөліп отырғанын аңғартты.