Стас Покатилов: Бізде артқа шегінерге жол жоқ

13.11.2021, 07:51
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Франциямен болатын ойынның алдында баспасөз мәслихатына қатысты.
Стас Покатилов: Бізде артқа шегінерге жол жоқ

-       Францияға қарсы ойында біз ештеңе жоғалтпаймыз. Турнирлік кестеге қарасаңыз бізге артқа шегінерге жол жоқ. Бұл мен үшін де, командаластарым үшін өзімізді көрсететін тамаша мүмкіндік. Франциядағы атақты ойыншыларға қарсы ойнау да бір қызық қой. Франциямен ойнаймыз деп дірілдеп отырған жоқпыз. Шынымды айтар болсам Босния және Финляндияға қарсы ойындарда біз қатты қобалжып кеттік. Себебі, ол ойындарда ұпай алатын керемет мүмкіндігіміз болды. Сол қобалжудың, жауапкершіліктің ауырлығынан өз ойынымызды көрсете алмай, абдырап қалдық. Енді бізде қазір психологиялық ауыртпашылық жоқ. Бар күшімізді салып, еш саспай Францияны тықсырып көреміз. Қолымыздан келгенше жақсы ойнап, жанкүйерлердің алдында ұятқа қалмауға тырысамыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×