Стас Покатилов Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы ойынына қатыспайды

02.10.2026, 15:18

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Молдоваға қарсы Ұлттар лигасының үшінші турындағы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Стас Покатилов Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы ойынына қатыспайды

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Джон ван’т Схиптің жетекшілігімен кездесуге қатысатын 23 футболшының соңғы тізімін анықтады. Қақпашылар қатарында Стас Покатилов жоқ. Темірлан Анарбеков, Александр Заруцкий және Бекхан Шайзада команда құрамында қалды. 

Покатилов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы екі кездесуінде де негізгі қақпашы ретінде алаңға шыққан. Ол Фарер аралдарына қарсы 1:1 есебімен аяқталған матчта және Словакиядан 1:2 есебімен жеңілген ойында қақпаны қорғады.

Бұған дейін Джон ван’т Схип Покатиловтың Словакияға қарсы матчтағы ойынына оң баға берген еді. Нидерландтық маман қақпашыны жіберілген голдар үшін жеке жауапты ету дұрыс емес екенін айтып, оның алғашқы екі кездесуде жақсы эпизодтары болғанын атап өтті. Сонымен қатар бас бапкер Молдоваға қарсы қақпада кім тұратынын матч алдында ғана жариялайтынын жеткізген. 

Қазақстан мен Молдова арасындағы Ұлттар лигасының кездесуі бүгін, 2 қазанда, Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады. Екі команда да алғашқы екі турдан кейін бір ұпайдан жинаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×