“Ақтөбе” қақпашысы Стас Покатилов Андрей Карпович баптайтын “Елімайдың” қатарын толықтырады деп күтілуде. Футболшы мен маман өткен маусымда бірге жұмыс істегенін еске салғанымыз жөн.
Жалпы Стастың “Ақтөбеде” қалу-қалмауы жаңадан тағайындалған бапкерге байланысты болып тұр.
Покатилов “ақ-қызылдар” намысын соңғы екі маусымда қорғап келді. Одан бөлек, Стас өз мансабында "Ақжайық", "Шахтер", "Қайрат" және “Ростов" жейделерінде өнер көрсетті.
Денис Кавлинов барда “Елімайға” басқа қақпашының керегі бар ма?
Біздің серіктес: FONBET