Әзербайжандық "Сабах" клубының басқарма мүшесі, 1988 жылғы Олимпиада чемпионы Игорь Пономарев Қазақстандық қақпашы Стас Покатиловтың болашағына қатысты қауесеттерге нүкте қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Соңғы уақытта БАҚ беттерінде 33 жастағы қақпашының Түрік Суперлигасының клубтарының бірімен алдын ала келісімшарт жасасуға дайын екені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда клуб басшылығы бұл мәліметті растамады.
"Менде мұндай ақпарат жоқ. Бізде маусым мамыр айында аяқталады. Одан кейін не болатынын қазірше ешкім дөп басып айта алмайды.” — деді Пономарев.
Стас Покатилов "Сабах” сапына 2025 жылдың қаңтарында "Тобылдан" еркін агент ретінде қосылған болатын.
Қазіргі таңда "Сабах” турнир кестесінде "Қарабақтан” бір ұпай алда, чемпиондыққа басты үміткер болып отыр.
Қазіргі қолданыстағы келісімшарт бойынша қақпашы 2026 жылдың жазына дейін Әзербайжандық клубқа тиесілі.
Transfermarkt порталы оның нарықтағы құнын 600 мың еуроға бағалауда.