Стас Покатилов? Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчта қақпаны кім күзетеді?

16.03.2025, 10:39

Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатында тағы бір керемет кездесу өткізді. 

Стас Покатилов? Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчта қақпаны кім күзетеді?
Стас Покатилов

Қазақстан құрамасы мен «Сабах» клубның қақпашысы Стас Покатилов кеше өзінің командасының жейдесінде «Зиря» клубына қарсы матчты негізгі құрамда бастады. Бұл Әзербайжан біріншілігінің 27-тур аясындағы ойын болатын. Бакулік команданың алаңында өткен бәсеке 1:1 есебімен аяқталды. Футболшы мен әзербайжандық команданың келісімшарты биылғы жылдың маусымына дейін жарамды. 32-жастағы қақпашының трансферлік бағасы 500 мың еуро. 

Стас Покатилов енді Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеу кездесулеріне дайындалады. Жалпы ұлттық команда намысын 28 матчта қорғаған. 

Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×