Стас Покатилов ұлттық құрамада ең көп матч өткізген қақпашылардың төрттігіне енді

11.10.2021, 23:18
Қақпашы 25 кездесуге қатысып, 38 гол жіберіп алған
Стас Покатилов ұлттық құрамада ең көп матч өткізген қақпашылардың төрттігіне енді

«Қайраттың» 28 жастағы қақпашысы Стас Покатилов Қазақстан құрамасының ең көп матч өткізген қақпашылардың үздік төрттігіне енді, деп хабарлайды Kazfootball.kz сайты.

Қазақстан құрамасы сапында Стас Покатилов 2015 жылы 31 наурызда Химкиде Ресей құрамасына қарсы ойында (0:0) дебют жасады. Бүгінге дейін ол 25 кездесуге қатысып, 38 гол жіберіп алған. Қазақстан құрамасындағы рекорд 46 матч өткізген Давид Лорияға тиесілі.

Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген қақпашылар (1992-2021 жж):

  1. Давид Лория (2000-2017) - 46 матч (79 гол жіберді);
  2. Андрей Сидельников (2010-2015) - 29 матч (48);
  3. Юрий Новиков (2001-2006) - 26 матч (43);
  4. Стас Покатилов (2015-2021) - 25 матч (38);
  5. Олег Воскобойников (1994-2000) - 24 матч (30);
  6. Александр Мокин (2005-2021) - 22 матч (43).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×