Стивен Джеррард алаңнан қуылғаны үшін кешірім сұрады

23.03.2015, 20:30
Стивен Джеррард алаңнан қуылғаны үшін кешірім сұрады
«Ливерпульдің» капитаны Стивен Джерард «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта алған қызыл қағазы үшін кешірім сұрады. «Осы қызыл қағазға көнуім керек. Қызыл қағаз алуым лайықты. Мен әріптестерім мен фанаттарды жарға жықтым. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Неге осылай болғанын білмеймін. Шамасы, оның алдындағы допқа таласудың кегі шығар (допқа Эррерамен таласты). Бұл оқиға туралы ештеңе айтқым келмейді. Жанкүйерлер мен жігіттерден кешірім сұрау үшін келіп тұрмын. Допқа ең соңғы рет жанасқанымша бар ойым «Ливерпуль» туралы болады», - деді Джеррард.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×