Стивен Джеррард «Астон Вилланың» бас бапкері атанды

11.11.2021, 22:10
Стивен Джеррард «Астон Вилланың» бас бапкері атанды

Стивен Джеррард ресми түрде "Астон Вилла" клубының бас бапкері ретінде таныстырылды.

Келісім-шарт 2,5 жылға есептелген. 41 жастағы англиялық маман "Астон Вилла" клубының тарихындағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды

"Астон Вилланың" директорлар кеңесі Стивен Джерардты команданың жаңа бас бапкері етіп тағайындағанына қуанышты. Джеррард футболшы ретінде керемет ойнағаннан кейін "Ливерпульде" жастармен жұмыс істей бастады. Бұл "Астон Вилла" бағалайтын маңызды тәжірибе.

Содан кейін ол ең көне шотландиялық клубтардың бірінде өзін сынап көру туралы батыл шешім қабылдады. Көп ұзамай "Рейнджерспен" ел чемпионы атанды. Сондай-ақ оның еурокубоктегі тәжірибесі біздің назарымызды аударды.

Келіссөздер барысында Стивеннің бапкерлік амбициялары, философиясы мен құндылықтары "Астон Виллаға" толық сәйкес келді. Біз Джеррардтың команданы баптауға келіскеніне қуаныштымыз, өйткені біз соңғы жылдардағы жетістіктерді жақсарта аламыз деп үміттенеміз", - деді "Астон Вилланың" директоры Кристиан Перслоу

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×