Шотландиялық "Рейнджерстің" бас бапкері Стивен Джеррард жақын арада "Астон Вилла" клубын тізгіндейді, деп хабарлады журналист Хамиш Азул өзінің Twitter парақшасында.
Дереккөздің хабарлауынша, Джеррард осы аптада англиялық клубпен келісім-шартқа отырады. "Астон Вилла" мен "Рейнджерс" клубтары қазір өтемақы мәселесін талқылауда. Джеррард "Астон Вилла" тарихындағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанады.
Бұған дейін бирмингемдік клуб Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес, "Саутгемптон" клубының тәлімгері Ральф Хазенхюттль, Дания құрамасының жаттықтырушысы Каспер Юльманн, "Брентфордтың" бапкері Томас Франк пен Пауло Фонсекаға қызығушылық танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET