Стивен Джеррард “Рейнджерске” оралмайды

30.05.2025, 11:00

Daily Record басылымының хабарлауынша, Стивен Джеррард шотландиялық “Рейнджерс” клубының бас бапкері қызметіне оралудан бас тартты. Ол өз мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруға ниетті.

Стивен Джеррард “Рейнджерске” оралмайды

Ақпарат көзінің айтуынша, Джеррардтың отбасы Шотландияға қайта оралуды қаламаған. Оның жақындары Таяу Шығыста қалуды жөн көріп отыр.

Бұған дейін “Рейнджерс” клубының акционері Дэйв Кинг Джеррардтың клубқа қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Жеррард бұған дейін “Рейнджерс” клубын 2018–2021 жылдары басқарып, 2020/21 маусымында Шотландия чемпионаты атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×