Стойчо Младенов «Ақтөбенің» бас бапкерлігіне үміткер мамандардың қатарына кірді

16.11.2020, 21:58
«Ақтөбе» келесы жылы еурокубокқа жолдама алғысы келеді.
Стойчо Младенов «Ақтөбенің» бас бапкерлігіне үміткер мамандардың қатарына кірді

63 жастағы болгар маманы Стойчо Младенов "Ақтөбені" жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Биыл Младеновтың "Қайсармен" келісімшарты аяқталады, және ол командадан кетуге жақын. Бұл Стойчоның Қызылордалық клубтағы төртінші маусымы.

Оның басшылығымен "Қайсар" 2019 жылғы Қазақстан Кубогының иегері атанды, содан кейін Младенов жылдың үздік бапкері болып танылды. Осы жазда "Қайсар" өз тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасында ойнады, турнирдің екінші кезеңінде АПОЭЛ-ге есе жіберді (1:4).

2016 жылдың жазында Стойчо Младенов "Атырауды" баптады, бапкер ол командамен бірге маусымды сегізінші орында аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" премьер-лигаға оралды және Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанған команданың алдында үлкен міндеттер тұр, оның бірі - еурокубоктарға жолдама алу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×