Стойлов Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты

23.09.2025, 13:00

Қазақстан футбол федерациясы бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Болгар маманы Станимир Стойловтың кандидатурасын қарастырған еді. Алайда Стоилов бұл ұсынысты қабылдамады.

Стойлов Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты

Қазіргі уақытта ол Түркияның "Гезтепе" клубында жұмысын жалғастыруды көздеп отыр.

"Қызығушылық танытқандарыңызға рақмет, бірақ Стойлов мырзаның қолында әлі де жарамды келісімшарты бар.” – деп түсіндірді маманның агенті Элиас Элиа ASnews.kz сайтына.

Осылайша, ұлттық құрама тізгінін Стойловтың қайтадан ұстау туралы әңгіме жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×