Стоилов ҚПЛ-ге орала ма?

28.11.2025, 11:35

"Ақтөбе" клубының жаңа иелері командаға Станимир Стоиловты шақыру мүмкіндігін зерттегені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Стоилов ҚПЛ-ге орала ма?

AmanVIBE телеграм арнасының мәліметінше "Ақтөбенің” жаңа басшылығы Стоиловті қарастырған, және Болгариялық маманға деген қызығушылық жалғасуда.

Айта кетсек, 58 жасар Станимир Стоилов елордалық "Астананы" төрт маусым қатарынан Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атандырып, клубты алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарған еді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тізгінін бір жылға жуық ұстаған болатын.

Қазіргі таңда ол Түркияның "Гөзтепе” командасын жаттықтыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×