Страхинья Эракович “Зенит” сапынан кетеді деп күтілуде

Орталық қорғаушы отандасысыз Нұралы Әліптің позиция бойынша бәсекелесі.

Страхинья Эракович “Зенит” сапынан кетеді деп күтілуде

Сербиялық өз отанына немесе Бешикташ клубына кетуі әбден мүмкін. 24 жастағы қорғаушы қос нұсқаның біреуін тандауы тиіс.

Жалпы Страхинья “Зенит” сапында 2023/24 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Ол барлық турнирлерді қосқанда петерборлықтар сапында 85 матч өткізді. Ресейлік ұжымға дейін сербиялық “Црвена Звезда” және “Графичар” ұжымдарында доп теуіп қайтты. 

Айтпақшы, “Зениттен” осы жылдың соңында бразилиялық Нинода клубтан кетеді деген ақпарат бар. 28 жастағы ойыншы өз отанында кез-келген ұжымның ұсынысына ашық екенін жеткізіпті.

Былай қарап тұрсаңыз, Семак ұжымынан Нұралы Әліпке бәсекелес болған қос орталық қорғаушы кетіп барады. Бұл дегеніміз құрама ойыншысына өзің толығымен көрсетуге туылған тамаша мүмкіндік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Зенит
Aladop Youtube
×