«Стяуаның» қожайыны Джиджи Бекали команданың «Шахтердан» жеңіліп, еурокубоктен ұшып кеткеніне қатты ашулы және бірнеше ойыншыны клубтан қумақ
«Мына команда бізге екі гол соғады деген үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Бұл бізге екі гол соға алатын команда ма? Бапкер бұған кінәлі емес ойыншылар жүгірмей жатса, ол басқа не істеуі керек.
Қандай шара қолданамын? Мен бірнеше ойыншыны клубтан қуамын. Еуропаға дәрежесі жетпесе, не істейін оларды. Енді өмірімде ешқашан шетелден 28-29 жастан асқан еркін агенттерді алмаймын. Мен Ондрашек пен Вучур жайлы айтып тұрмын. Оларды негізгі командада және қосалқы командада да ешқашан көргім келмейді. Сол еркін агент күйлерінше қалдырамын. Оларға басқа командаға ауысып кету үшін бір ай уақыт беремін», – деді зығырданы қайнаған Бекали мырза.
Біздің серіктес: FONBET