Су ішкен құдығына түкірді? Станимир Стойлов қазақстандық футболшыларды Түркия чемпионатының деңгейінен төмен көреді

31.10.2025, 10:46

Түркиялық «Гезтепе» клубының бас бапкері Станимир Стойлов қазақстандық футболшылардың деңгейі туралы пікірімен бөлісті.

Су ішкен құдығына түкірді? Станимир Стойлов қазақстандық футболшыларды Түркия чемпионатының деңгейінен төмен көреді
Жозе Моуриньо мен Станимир Стойлов

Болгариялық маман Ғалымжан Кенжебек пен Бахтиер Зайнутдиновты салыстырып, ерекше ой атқан болатын.   

«Кенжебек? Танымайды екенмін. Қазақстандық футболшыларға Түркия чемпионаты деңгейінде ойнау қиын, оны мойындау керек. Зайнутдинов? Иә, Түркияда ойнап кеткен жалғыз сол ғана. Ол үлкен командада өнер көрсетті. Ал қалғандарының мына жақта ойнап кетуі екіталай», - деді С. Стойлов.

Станимир Стойлов 2023-жылдан «Гезтепе» клубын жаттықтырады. Түркия Суперлигасында содан бері бас бапкер ретінде 76 матчта командасын бастап шықты. Оған дейін болгариялық маман 2014-2018 жылдар аралығында «Астананы» жаттықтырған. Сол кезеңде ҚПЛ-де қатарынан бірнеше жыл чемпионатты ұтып, ЧЛ, Еуропа Лигасының топтық кезеңдеріне, ЕЛ-ның плей-офф кезеңіне шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×