Су тегін сатылды – Клубтың тағдырын шешкен аукцион қалай аяқталды?

Бүгін, 14:33

Атырау облысының билігі футбол клубын жекешелендіру туралы шешімін соңына дейін жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Су тегін сатылды – Клубтың тағдырын шешкен аукцион қалай аяқталды?

Дереккөздердің мәліметінше, бүгін өткен аукцион сәтті аяқталып, "Атырау” футбол клубы ресми түрде жеке меншікке өтті.

Клуб e-qazyna порталы арқылы 77 миллион теңгеге сатылды, бұл оның нарықтық құнынан 3,2 есе төмен.

Нысанды сатушы — "Атырау облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы” ММ. Клубтың иесі — «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы” ММ.

Атыраулық ұжымның жаңа басшылығы тізгінді қолға ала салысымен іске кіріспек. Мәліметтерге қарағанда, жаңа қожайындар клубтың болашағына бейжай қарамайтынын бірден дәлелдемекші.

Соңғы мәліметтер бойынша:

– Аукцион нәтижесі: Сауда-саттық жоспарланған уақытта өтіп, клуб жаңа иесіне табысталды.

– Алғашқы қадам: Жаңа басшылық ертең-ақ команданың жанынан табылмақ. Олар аймақ әкімдігінің өкілдерімен бірге Түркістан қаласына аттанады.

– Маңызды матч: Жаңа қожайындар команданың 6-шы тур аясында Петропавловтық "Қызылжарға” қарсы ойынын тікелей трибунадан тамашалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×