Сульшер: Поль Погба ойнауға дайын

Жаңа ғана баспасөз мәслихаты аяқталды.
Сульшер: Поль Погба ойнауға дайын

Ертеңгі ойын алдында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, онда "Манчестер Юнайтед" бапкері мынандай сөздер айтты.

Жарақаттар жайлы:

- Біздің командада бірнеше жарақат алған футболшылар бар. Аксель ойынға қатыса алмайды, Фил Джонстың да жағдайы сондай. Қалғаны тегіс дайын. Маркус Рэшфорд пен Поль Погба жарақаттарынан айықты, бірақ олар футбол ойнамағалы біраз болған. Олар ертең қанша минут ойнайтынын көреміз.

Рэшфорд жайлы:

- Ол өзінің адамгершілігінің мол екенін байқатып, нағыз "Манчестер Юнайтедтің" футболшысы екенін көрсетіп жүр. Ол осы жазда көптеген балақайдың өміріне үміт отын жақты. Карантиндегі оның іс-әректеттерінің барлығы бізді тәнті қылды. Ол өзі бала кезінде осындай проблемалары болғанын да жасырмады. Маркус өте керемет адам. Клуб басшылығы оның осындай адамгершілігі мол екенін біліп, оған академияда жүргенде мүмкіндіктер берді. Ол өзін дәлелдеп шықты. Ол біздің болашағымыз. "Манчестердің" капитаны әрі Англия құрамасының да белді ойыншысы.

"Тоттенхэмге" қарсы матч жайлы:

- "Тоттенхэм" лиганың ең мықты командаларының бірі. Өткен жылы Чемпиондар лигасының финалында ойнады. Сондықтан да, бұл ойын өте қызық болады. Біз бұл ойын алдында екі жолдастық кездесу өткіздік. Бірі "Вэст Бромвичпен" болса, екіншісін өзіміз екіге бөлініп ойнадық. Футболшылар жеке дара жаттығуларды көп жасады. Бұл жағы бізге пайдасын тигізеді деп білемін.

5 ойыншы жайлы:

- Карантиннен кейін бірден ойнап кете салу қиын. Сондықтан да 5 ойыншы алмастыратынымыз керемет жаңалық болды. Дәл кезінде алмастырып отырсақ, футболшылар жарақат алмайды. Яғни жарақаттар санын азайтамыз.

Игало жайлы:

- Один біздің командада қалатынын қуантады. Оның клубымен біз жақсы келіссөздер жүргіздік. Футболшы бізге қатты керек. Ол ойынға көп әсерін береді. Сонымен бірге, ол киім шешетін бөлмеде де өте маңызды рөл атқарады. Один біздің сұрмергеніміз болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×