Сульшер: "ван Персидің менің жұмысымды сынауға қақысы жоқ"

06.01.2020, 04:20
Сульшер: "ван Персидің менің жұмысымды сынауға қақысы жоқ"

"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер қызыл сойқандардың бұрынғы шабуылшысы Робин ван Персидің сынына жауап берді деп хабарлайды The Telegraph. Естеріңізге сала кетейік, голландиялық футболшы команда ұтылған кезде Сульшердің көңілді қалпына қатысты сын айтқан болатын. Дәлірек айтсақ, АПЛ-да "МЮ" "Арсеналдан" 0:2 есебімен ұтылғанда Оле-Гуннардың езу тартып, жымиғаны Робинге ұнамапты.

-"Робин екеуміз бір-бірімізді жақсы білмейміз. Менің жұмыс стилімді сынауға қақысы жоқ. Мен өз тәсілімді өзгерткім де келмейді. Бұл анық. Ол Манчестер сапында маған тиесілі 20-номерді алды. Бұл оның менен алатын жалғыз нәрсе. Біз жұмыс кезінде қысым көрсететін орта ғасырда өмір сүріп жатқан жоқпыз"-дейді норвегиялық маман.

Манчестер Юнайтед" АПЛ-да 21 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, 5-орында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×