Қостанайлық "Тобылдың" қақпашысы Сұлтан Бусурманов Legalbet басылымына берген сұхбатында клубпен келісімшарты аяқталып келе жатқанын мәлімдеді.
"Иә, келісімшарт бітіп жатыр. Қазір ұсыныстарды күтіп отырмыз. "Тобыл” тарапынан әзірге үн жоқ. Басқа екі клубтан қызығушылық бар, бірақ қай командалар екенін әзірге айта алмаймын." – деді ол.
Тотальный футбол KZ телеграм арнасының мәліметінше 29 жастағы Бусурманов — Қостанайлық клубтың өз түлегі және карьерасының барлығын дерлік "Тобылда" өткізген. Биылғы ҚПЛ-2025 маусымында ол 10 матчқа қатысып, 11 гол өткізіп алған. Ең есте қаларлық ойыны – Қазақстан кубогының финалы, онда Бусурмановтың тамаша сейвтері арқасында "Тобол" "Ордабасыны" 2:0 есебімен жеңіп, кубок иегері атанған.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Сұлтан Бусурмановтың қазіргі нарықтық құны 200 мың еуро шамасында бағалануда.