"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов Қазақстан құрамасының негізгі құрамына шақырту алды.
Бұған дейін жартылай қорғаушы құраманың қосалқы құрамына іліккен еді. Алайда Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі аясындағы соңғы ойыннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Сұлтанбек Астановты негізгі құрамға шақыруға бел буды.
Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді: 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаны қабылдайды, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен ойнайды және 7 қыркүйекте Босния мен Герцеговинаға қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET