«Қайраттың» қорғаушысы Еркін Тапалов ЧЛ негізгі кезеңі аясында Алматыда өтетін ойындардың билетіне байланысты пікір айтты.
Футболшы сондай-ақ, жанкүйерлердің алматылық ойыншыларды артық мазалап, билет сұрайтындықтарын да тілге тиек етіпті.
«Бізде билет тарататын, артық сатып алатын мүмкіндік жоқ. Футболшыларға бес билет қана беріледі, ал оларды біз ең жақын деген адамдарымызға береміз. Сондықтан, ренжімеңіздер. Қазір біздің басты мақсатымыз – тыңғылықты жаттығу жасап, бар өнерімізді алаңда көрсету. Сол үшін футболшыларды артық алаңдатпаған жөн», - деді Е. Тапалов «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Естеріңізде болса алматылық клуб ЧЛ негізгі кезеңінде өз алаңында 4 ойын өткізеді. Соның ішінде ерекше назар «Реал» Мадрид командасына қарсы матчқа аударылуда. Бұл ойын осы айдың аяғында болады.