Футболдан ел чемпионатының бірінші лигасындағы ойындардың аяқталуына екі тур қалса да, келесі маусымда премьер-лигада өнер көрсету құқығын жеңіп алған командалар белгілі.
Бірінші лигадағы доданың аяқталуына бір неше тур қалғанда, Қаскелеңнің «Сұң қа рының» келесі жылы премьер-лигада ойнайтындығына ешкім де шүбә келтірген жоқ. Бірінші лига додасының көмбесі та қа ғанда, енді «Сұңқарды» ешбір клубтың басып оза алмайтындығы мәлім болды. Сон дықтан соңғы турларда қаскелеңдіктер ар қасын кеңге салып, қарқынын бә се ң сітіп алғандай. Кезінде Қазақстан ұлт тық құра масының намысын қорғаған Ал мас Құл шынбаев жаттықтыратын клуб енді премьер-лига жайлы ойластыруда.
Дәл қазір екінші орында – Көкшетаудың «Оқ жетпесі». Бірнеше жыл ел чем пио на ты ның жоғарғы топтарында ойнаған тәжі ри белі команданы қазір Владимир Че бу рин жаттықтырады.
Осы екі клубты бірінші лигада енді еш бір ұжым қуып жете алмайды. Екеуі құйрық тістесе қара үзіп кеткен. 30 ойыннан кейін «Сұңқар» 71 ұпаймен көш бастап тұрса, «Оқ жетпес» 65 ұпаймен оның өкшесін ба сып келеді. Ал үшінші орындағы Оралдың «Ақ жайығының» еншісінде – 56 ұпай. «Ақжайық» үшінші орында қала ма, жоқ па, оны 23 қазан күні білетін боламыз. Се бебі Алматы облысындағы Өтеген батыр ауы лының «Іле-Сәулет» деп аталатын клубы 55 ұпаймен оралдықтармен үзеңгі қағыстырып келеді.
Айқын Жаппар