«СҰҢҚАРДЫҢ» ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ АЙСҰЛТАНДЫ СҰЛТАН КӨРЕДІ

01.11.2012, 11:10
«СҰҢҚАРДЫҢ» ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ АЙСҰЛТАНДЫ СҰЛТАН КӨРЕДІ

Өздеріңізге белгілі жақында «Сұңқар» футбол командасының сапында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі жасыл алаңға шыққан болатын. Былтырлары «Астана» командасында доп тепкен Айсұлтан Назарбаев жазғы трансферлік маусым кезінде «Сұңқарға» ауысып келген екен.  Бұл туралы ешбір БАҚ жақ ашпаған болатын. Өткенде сол Айсұлтаның 10-шы нөмірлі жейдені киіп алып,  »Ақтөбеге» қарсы кездесуде ойнады. Рахат Әлиевтің ұлы қалайша жағдайы тым мүшкіл командаға келгенін көп адам түсіне алмай жүр. Неге ол Беранек командасында жүре бермеді? Бұл жерде бәрі айтпасада түсінікті секілді. Айсұлтан өзінің қауырт жұмыстарына байланысты команданың жаттығуларын көп жағдайда жіберіп алады екен. Ал ойын практикасы жоқ адамды әрине Қазақстанның басты командасының сапында шығара алмайсың. Сондықтан ол Қаскеленнің клубына баруды жөн санапты. Бір жағынан нағаш атасының туған ауылы да сол маңайда емес пе еді?  Айсұлтан «Сұңқардың» да жаттығуларына келе бермейді екен. Бұған себеп  ол жерде  оған «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа»,- жоқ екен .  Жаттығуға келе ме?  Алаңға шыға ма? Өз еркі. Өзі футболды қатырып ойнамасада, ол клубтың ең танымал ойыншысы екен. «Сұңқардың» Қаскелендегі базасына барып оған толықтай көз жеткіздік.  99 жылғы болашақ футболшыларды сөзге тартқан едік?   - Есімің кім? - Менің аты – жөнім Осман Рамзис - Сен «Сұңқар» командасының сапынан кімдерді танисың? - Фархадбекті танимын. - Ал Айсұлтанды білесің бе? - Әрине - Ол кім? - Президенттің немересі ғой - Оны кім айтты сендерге? - Бапкеріміз - Сенің командаңда оның ойнауы сен үшін мәртебе ме? - Әрине, біз оны мақтан тұтамыз. - Қазіргі жағдайы алаңдата ма команданың? - Ия біздің команда құлдырап жатыр ғой. Футболшылар айлық алмай жүргенін естідім. Соңғы орында қалдық.   - Сен Нұрдос кімдерді танисың? - Біздің командадан мен Айсұлтанды, Ирисметовты және Бауыржанды танимын ( ред. Байтана) - Айсұлтанды қашаннан бері танисың? - Ол бізге келгеннен бері. Бапкеріміз оны қайта-қайта айтады біздерге. Біз оны мақтан тұтамыз. - Оны өз көзіңмен көргенсің бе? - Жоқ әлі көре алмадым. - Айсұлтанның кімнің немересі екенін білесің бе? - Әрине, Президенттің.       PS : «Сұңқар футболшылары» 4 ай бойы айлық алмай ойнап, сүреңсіз ойындарынан кейін премьер-лигамен қош айтысты. Айлық алмағандардың ішінде Айсұлтан болды ма екен, қызық? Ал келер жылы ол «Сұңқарда» қалмайтыны анық. Қайда барады екен?   «Қаскеленге» барып қайтқан Жақсылық Албан Аламан.кз  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×