Суперкубок финалында көретін болдық

Килиан Мбаппе Испания Суперкубогының финалына дейін жарақатынан айығып үлгереді.

Суперкубок финалында көретін болдық

Француз Примераның 17-турынан кейін тізесіндегі ауруға шағымданып, “Реалдың” “Бетис” пен “Атлетикоға” қарсы тартысты кездесулерін жіберіп алған болатын. 

Кешегі Суперкубоктың жартылай финалынан кейін бас бапкер Хаби Алонсо “Реал” жанкүйерлеріне жағымды жаңалығымен бөлісті. Онда маман командаға жақын аралықта Килианның қосылатыны жайында айтты. 27 жастағы шабуылшы мүмкіндік туса, бірден Сауд Арабиясы жол тартып, “Барселонаға” қарсы ойын алдын ортақ топтағы жаттығумен пысықтайды. 

Еске салсақ, 11-нен 12 қаңтарға қараған түні “Абдулла патша” стадионында Испания Суперкубогы финалы өтеді. Онда каталондық “Барселона” мен мадридтік “Реал” бас жүлдені сарапқа салмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×