Суперкубок төртінші рет Каталонияға жол тартты

28.08.2011, 15:41
Суперкубок төртінші рет Каталонияға жол тартты
Кеше Монакода Еуропа лигасының қазіргі жеңімпазы Портумен алаңға шыққан Каталония командасы 2:0 есебімен басым түсті.
Жаңа маусымды жақсы бастаған қарсыластар бір-бір жүлденің жалынан ұстап үлгерді. Барселона Мадридтің Реалынан Испания суперкубогын тартып алса, Порту да Португалиядағы ең үздік ұжым екенін дәлелдеді. Деңгейі жағынан екінші турнир саналатын Еуропа лигасында топ жарған Порту биылғы жылды бас мергені мен бас бапкерін ауыстырып бастады. Радемел Фалькао Атлетико жейдесін кисе, команданы чемпион атандырған Андре Виллаш-Боаш, ағылшын Челсиін жаттықтыруға кірісті. Ал Барселона Фабрегас пен Санчесті қатарына қосып, күшейе түскен секілді. Арсеналдан ауысқан жартылай қорғаушы кеше жаңа команда сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді. Орталық алаңға иелік еткен Испания чемпиондары 39-шы минутта есеп ашты. Кезекті қарбалас сәттердің бірінде Порту жартылай қорғаушысы Гуарин өрескел қателік жіберіп, допты қақпашыға емес, Мессидің аяғына салып берді. Өткен жылдың Еуропадағы ең үздік футболшысы атанған Аргентиналық ойыншы тамаша сыйды нәтижеге ұластырып, Барселонаны алға жетеледі. Сосын тізгінді мықтап қолға алған Гвардиолла шәкірттері әдеттегідей, өз білгендерін істеді. Екінші таймның 80-ші минутында алаңғы тыңнан қосылған Сеск Фабрегас араға сегіз минут салып, бапкер сеніміне лайықты жауап қатты. Лионель Мессидің алға асырған добын кеудесімен тосып алған футболшы күшты соққысымен қақпаны дәл көздеді. Қорытынды есеп: 2:0. 36-шы мәрте ұйымдастырылып отырған суперкубок төртінші рет Каталонияға жол тартты.
Кеше Монакода Еуропа лигасының қазіргі жеңімпазы Портумен алаңға шыққан Каталония командасы 2:0 есебімен басым түсті. Жаңа маусымды жақсы бастаған қарсыластар бір-бір жүлденің жалынан ұстап үлгерді. Барселона Мадридтің Реалынан Испания суперкубогын тартып алса, Порту да Португалиядағы ең үздік ұжым екенін дәлелдеді. Деңгейі жағынан екінші турнир саналатын Еуропа лигасында топ жарған Порту биылғы жылды бас мергені мен бас бапкерін ауыстырып бастады. Радемел Фалькао Атлетико жейдесін кисе, команданы чемпион атандырған Андре Виллаш-Боаш, ағылшын Челсиін жаттықтыруға кірісті. Ал Барселона Фабрегас пен Санчесті қатарына қосып, күшейе түскен секілді. Арсеналдан ауысқан жартылай қорғаушы кеше жаңа команда сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді. Орталық алаңға иелік еткен Испания чемпиондары 39-шы минутта есеп ашты. Кезекті қарбалас сәттердің бірінде Порту жартылай қорғаушысы Гуарин өрескел қателік жіберіп, допты қақпашыға емес, Мессидің аяғына салып берді. Өткен жылдың Еуропадағы ең үздік футболшысы атанған Аргентиналық ойыншы тамаша сыйды нәтижеге ұластырып, Барселонаны алға жетеледі. Сосын тізгінді мықтап қолға алған Гвардиолла шәкірттері әдеттегідей, өз білгендерін істеді. Екінші таймның 80-ші минутында алаңғы тыңнан қосылған Сеск Фабрегас араға сегіз минут салып, бапкер сеніміне лайықты жауап қатты. Лионель Мессидің алға асырған добын кеудесімен тосып алған футболшы күшты соққысымен қақпаны дәл көздеді. Қорытынды есеп: 2:0. 36-шы мәрте ұйымдастырылып отырған суперкубок төртінші рет Каталонияға жол тартты. Хабар агенттігі Сурет УЕФА-ның ресми сайтынан алынды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×