Суперкубокті кім иеленбек?

02.03.2011, 22:49
Суперкубокті кім иеленбек?

Ертең еліміздің Суперкубогына өткен маусымның чемпионы «Тобыл» мен ел Кубогының иегері «Локомотив» таласпақ.

Струков – үздік бомбардир

Соңғы төрт жылда осымен үшінші рет Суперкубок матчы маусымды ашып отыр. Бұл трофейге алғашқы жекпе-жекке 2008 жылы «Ақтөбе» мен «Тобыл» командалары шыққан болатын. Аталмыш матчта Владимир Мухановтың командасы Сергей Струковтың арқасында қостанайлықтарды артқа тастағанын көпшілік жақсы біледі. 2009 жылы Суперкубок ойыны болмай қалды. Өйткені чемпиондық пен Ел Кубогын «Ақтөбе» бір өзі иемденген еді. Ал өткен маусымда «Астана-Аренада» «Атырау» мен сол үйреншікті «Ақтөбе» жолықты. Тағы да тәжірибелі «Ақтөбе» трофейге 2:0 есебімен қол жеткізді. Бұл жолы да гол авторы Сергей Струков болғаны ешкімді таңдандырмасы анық, өйткені Қазақстан Суперкубогының тарихындағы әзірге үздік бомбардир сол. Екінші доптың авторы болып Евгений Аверченко танылды. Бұл жолы үздік трофейдің авторы «Тобыл» - «Локомотив» жұбынан таңдалынбақ. Аталмыш екі клубтың құрамында Суперкубок жеңісінің дәмін татқан тек бір ғана ойыншы – Қазақстан құрамасының капитаны Андрей Карпович бар. Кездесуге қызмет көрсету алматылық рефери Айдын Рахимбаев бастаған төрешілер бригадасына сеніп тапсырылған. Өткен сайыстарда пенальти белгілену немесе ойыннан қуылу жағдайлары орын алмаған. Өткен жылы Суперкубок матчына өскемендік Руслан Дүзмамбетов бастаған арбитрлар қызмет көрсеткен.

Құрамдар сапындағы өзгерістер

Қарсыластарға келер болсақ, өткен маусымға қарағанда, екі клуб та құрамын айтарлықтай жаңартқан. Дегенмен, «Локомотивте» бұл өзгешелік сәл аз көрініс тапқан. «Теміржолшылар» барлық сызықтарға атақты футболшыларды шақырып, нүктелік сараптама өткізген. Қақпашы орнын «Локомотивке» «Қайраттан» ауысқан серб ойыншысы Ненад Эрич күшейтпек. Қорғаныста оншалық үлкен өзгерістер байқалмайды – үздіктер бұрынғыша: Нұрдаулетов, Рожков, Киров. Жартылай қорғаушыларды басында Пірәлі Әлиев, Ұлан Қонысбаев және Андрей Карпович болса, шабуылда басты орын өткен маусымның бомбардирі Игорь Бугаевқа, серб форварды Данило Беличаға және «Тобылдың» экс-капитаны Нұрбол Жұмаскалиевке беріліп отыр. «Тобыл» құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Өткен жылғы командадан тек голкипер Александр Петухов, қорғаушы Олег Лотов, жартылай қорғаушылар Игорь Юрин, Ермек Қуантаев және Алексей Малышев қалған. Кеткен үздіктердің орнына тәжірибелі орындаушылар шақырылған. Олардың қатарынан жартылай қорғаушылар Виталий Волков, Ненад Сливич, қорғаушы Стефан Кучера. Тіпті, қостанайлықтар жаңа құрамында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Кислицын де бой көрсетті.

Ойынның қызықты жайттары

Ойынның басты қызығы Нұрбол Жұмасқалиев өзінің бұрынғы клубына қарсы өнер көрсететінінде болып тұр. Әрине, шарт бойынша, Жұмасқалиев алаңға шығады. Дәл осы жайға Қазақстан БАҚ өкілдері қатты назар салып отыр. Жұмасқалиевтен өзге астаналық клубтың құрамында бұрын «Тобыл» құрамында өнер көрсеткен тағы бір ойыншы – қорғаушы Қайрат Нұрдаулетов те бар. - Ойын қиын да күрделі болатын секілді, - дейді Нұрдаулетов. – Ал енді «Тобылмен» қатынасыма келер болсам, мен мынаны айтар едім: «Тобыл» менің өткенім, жағымды өткен уақытым. Бірақ ойынға мен қалпынша даярланамын, ешқандай принциптік немесе реванштық көңіл күй басым бағыт алуы мүмкін емес. Ал Нұрболдың бұл матчқа көзқарасы бөлекше болатын шығар. Жұмасқалиев «Тобылдан» кеткен соң, капитанның орны голкипер Александр Петуховқа, ал Нұрбол ойнаған тоғызыншы нөмір бұрын мәскеулік «Торпедо» және қазандық «Рубин» клубтарында өнер көрсеткен ресейлік жартылай қорғаушы Виталий Волковқа өткен болатын. Айтпақшы, қостанайлықтардың құрамында да бұрын қарсылас командада болған бір ойыншы бар. Әңгіме жартылай қорғаушы Ринат Хасенов жайында, ол өткен маусымның екінші жартысын астаналық клубтың құрамында өткерген болатын. «Локомотива» құрамында қақпашылық орынмен нақты қауіп бар. Вячеслав Котляр қатардан шығып кетті, ал жаңа ойыншы Ненад Эрич жақында ғана орналасқан, топтық ортақ ойынға әлі сіңісе қоймаған. «Тобыл» да №1 орынға қатысты қиыншылықтарды бастан өткеріп отыр. Александр Петухов зақым алған, қостанайлық капитан өз әріптестерін алаңға алып шығу мүмкіндігі әзірге белгісіз болып отыр. - Алған зақымыма қатысты азғандай мәселе бары анық, дегенмен біз үшін үлкен роль ойнайтын матчқа барынша дайындаламын, - дейді Петухов. Ойын Астана қаласында «Астана-Арена» стадионында, саған 19:00-де өтетінін ескертеміз. Кіру тегін. Телевизиялық көрсетілімді тікелей эфирден «Ел Арна» каналынан тамашалай аласыздар. Көрсетілім басталу уақыты 18:55. ҚФФ сайтынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×