Суперлига ресми түрде тоқтатылды

21.04.2021, 18:39
Англияның үздік алты клубы ресми түрде турнирден бас тартты.
Суперлига ресми түрде тоқтатылды

"Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Тоттенхэм", "Ливерпуль", "Челси" және "Арсенал" клубтары ресми түрде Еуропалық Суперлигадан шығатындықтарын жариялады.

УЕФА Премьер-лига клубтарына Еуропа Суперлигасында ойнаудан бас тартқаны үшін үлкен ақша ұсынды, деп хабарлайды Mundo Deportivo. Дереккөздің хабарлауынша, Премьер-лига клубтарының Суперлигадан шығу туралы шешіміне УЕФА-ның осы ұсынысы әсер еткен.

The Athletic басылымының журналисті Дэвид Орнштейн "Милан" клубының да аталмыш турнирден шығуға дайындалып жатқанын хабарлады.

Ал Суперлиганың баспасөз қызметі турнирдің тоқтатылатындығын ресми түрде жариялады:

"Суперлига еуропалық футболдың қазіргі мәртебесі өзгеруі керек деп санайды. Біз қолданыстағы жүйе жұмыс істемейтіндіктен жаңа еуропалық турнирді ұсынамыз. Біздің ұсынысымыз бүкіл футбол пирамидасына ресурстар мен тұрақтылықты қалыптастыру арқылы спорттың дамуына мүмкіндік беруді, соның ішінде пандемия салдарынан туындаған қаржылық қиындықтарды жеңуге көмектесуді көздейді.

Ағылшын клубтарының турнирден шығу туралы шешім қабылдағанына қарамастан, біз өз ұсынысымыздың еуропалық заңдар мен ережелерге толығымен сәйкес келетіндігіне сенімдіміз. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жобаны өзгертудің ең дұрыс қадамдарын қайта қарастырамыз", - деп келтірді журналист Роб Харрис Суперлиганың ресми мәлімдемесін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×