“Сұрақты клубқа келген жаңа адамдарға қою керек” – Тимур Досмағамбетов “Ақтөбеге” ауысуының себебін түсіндірді

13.01.2026, 20:49

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбеге" күтпеген жерден оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Сұрақты клубқа келген жаңа адамдарға қою керек” – Тимур Досмағамбетов “Ақтөбеге” ауысуының себебін түсіндірді
Instagram: fcaktobe_official

Тәжірибелі қорғаушы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында "Оқжетпеспен" келісімшартқа отырып қойғанына қарамастан, жоспарының неліктен өзгергенін ашып айтты.

Тимурдың сөзінше, бұл трансфер бар болғаны санаулы күндердің ішінде шешілген. Ол бастапқыда Көкшетаудың "Оқжетпес" клубында өнер көрсетуді жоспарлап, тіпті ресми құжаттарға қол қойған екен. Алайда, клуб ішіндегі өзгерістер жағдайды түбегейлі өзгерткен.

"Бәрі солай болып қалды. Мәселе бар болғаны бірнеше күн ішінде шешілді. Неліктен "Оқжетпесте" қалмай, "Ақтөбеге” кетті дейсіз бе? Мен тіпті "Оқжетпеспен” келісімшартқа отырып қойған едім. Бірақ кейін оны бұзуға тура келді. Бұл сұрақты клубқа келген жаңа басшылыққа, жаңа адамдарға қою керек." — деді Досмағамбетов.

Осылайша, "Ақтөбеге” қайта оралған қорғаушы клубтағы ауыс-түйістердің құрбаны болғанын тұспалдап отыр. Енді ол алдағы маусымды “Ақ-Қызылдар” сапында өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×