Чемпиондар лигасының плей-оффында «Қайраттың» қарсыласы саналатын Шотландия чемпиондары ішкі кубокта ірі жеңіске жетті.
1/8 финалдағы матчта «Селтик» өз алаңында «Фалкиркті» 4:1 есебімен жеңді. 26-минутта есепті Дайзэн Маэда ашты. Ал екінші таймда Алистер Джонстон мен Дэйн Маррей гол соқты. 64-минутта Лиам Хендерсонның автоголынан кейін есеп 4:0-ге жетіті. Үш минут өткен соң, «Фалкирк» бір голмен жауап қайтарды. Статистика көрсеткіші бойынша, алаң иелері 76% допқа иелік етіп, 19 соққы жұмсаған.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы сәрсенбі, 20 тамыз күні «Селтик» өз алаңында Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раундындағы алғашқы ойында «Қайратты» қабылдайды. Жауапты матч 26 тамызда өтеді.