Сурдлимпиялық спортқа еңбек сіңірген тұлғалар жол апатында мерт болды

02.12.2025, 22:15

Алматы — Бішкек тас жолында болған аса ауыр жол апаты Қазақстанның спорт қауымдастығына ауыр қайғы әкелді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Сурдлимпиялық спортқа еңбек сіңірген тұлғалар жол апатында мерт болды

Қайғылы оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында еліміздегі саңырау спортшылар арасында футбол, шахмат және командалық спорт түрлерін дамытуға өмірінің оннан аса жылын арнаған бапкерлер мен белгілі спортшылар бар.

Sports24.kz мәліметінше, Honda Odyssey – HOWO жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Соққы күші өте жоғары болғандықтан, көліктегі адамдардың ешқайсысы аман қалмады.

Кейіннен қаза тапқандардың аты-жөні ресми түрде жарияланды. Олар — Қазақстандағы сурдлимпиялық спорттың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғалар.

Қаза тапқандар арасында:

  • Асыл Ибраимов — саңырау спортшылар арасындағы футболдан танымал жаттықтырушы
  • Дмитрий Мочальский — Еуропа чемпионы, Сурдлимпиада жеңімпазы, Қазақстан шахмат қоғамдастығының белді өкілі
  • Смағұлов Сәкен — Қазақстанның саңыраулар футболы құрамасының ардагері
  • Сергей Волковинский — ұлттық құрама сапында талай жыл өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы
  • Серік Молдашев — Қазақстанның саңыраулар футболы құрамасының ардагер спортшысы

Марқұмдардың туған-туыстарына, әріптестері мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×