Сыр спортын кім басқарады?

Әсетжан Әділбекұлы
Бас редактор
19.09.2024, 17:17

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов қызметінен кетті. Сыр өңірінің спортын енді кім басқарады?

Сыр спортын кім басқарады?
фото ашық дерек көзден алынды

Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша аймақ спортын тізгіндеуге ниетті үміткерлер көп емес. Ол тізімде «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафа да бар. Иә, ол бұған дейін 10жылдан аса Сыр спортын басқарып, спорт менеджері ретінде өзін дәлелдеген тәжірибелі маман. Бірақ, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың таңдауы кімге түсетіні әзірге белгісіз. Егер, Садық Шоңмұрынұлы спорт басқармасын тізгіндесе қаржылық қиындықтарға тап болған «Қайсар» футбол клубының айы оңынан туады деуге әбден болады. Себебі, Садық Мұстафа соңғы екі жылда командаға басшылық етіп, футболдың жағдайымен етене танысты. Сондықтан, қызметі өссе «дала қасқырларының» да біраз проблемасы шешілер еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Қайсар ФК
Серіктес жаңалықтары
×