Сырт алаңда өтетін матчтарға жанкүйерлердің қатысуына рұқсат берілді

07.09.2021, 20:59
Өзгеріс келесі аптадан бастап күшіне енеді.
Сырт алаңда өтетін матчтарға жанкүйерлердің қатысуына рұқсат берілді

УЕФА-ның ұйымдастырылуымен өтетін командалардың сырт алаңдағы ойындарына жанкүйерлердің қатысуына рұқсат берілді.

Өзгерістер келесі аптадан бастап күшіне енеді. Бұл шешім еуропалық жарыстар мен ұлттық құрамалардың матчтарына қатысты. Жанкүйерлер матчты өткізетін елдердің билігі қойған талаптарды сақтай отырып, ойындарға қатыса алады.

Еуропа футбол жанкүйерлерінің (FSE) ұйымы бұған дейін бірнеше рет УЕФА-дан жанкүйерлердің еурокубоктің сырт алаңда өтетін матчтарына қатысу туралы шешім шығаруын сұраған. Бірнеше еуропалық клубтар да осындай үндеу тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×