Тәжікстан тағы да жеңілді

24.08.2024, 20:20

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасымен екінші жолдастық кездесу өткізді. 

Тәжікстан тағы да жеңілді

“Сайран Арена” спорт кешенінде өткен бұл кездесу алғашқы ойынға қарағанда тартысты болды. Қарсылас команда біздің ұжымға 3 гол соқты. Алайда Арнольд Кнауб, Азат Валиуллин және Дугластың голдары арқасында ел құрамасы жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп: 4:3. 

Айта кетейік, бұл кездесуде Кака бапкер жас ойыншылардың бағын сынап көрді. Эксперимент жасау арқылы жастардың әлеуетін бағалады. 

Еске салсақ, бұдан бірнеше күндер өткен Қазақстан -  Тәжікстан ойыны 3:0 есебімен аяқталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×