Тәжікстандық футболшы: Еуропаға кету үшін Қазақстан емес Беларусь біріншілігін таңдадым

29.03.2025, 14:45

Беларусияның «Сморгонь» клубымен келісімшартқа отырған тәжікстандық жартылай қорғаушы Алишер Рахимов еуропалық топ-чемпионатқа ауысу үшін Қазақстаннан көрі Беларусь біріншілігін дұрыс деп есептейді. Бұл туралы футболшы журналист Иван Карпқа берген сұқбатында айтты.

Тәжікстандық футболшы: Еуропаға кету үшін Қазақстан емес Беларусь біріншілігін таңдадым
Алишер Рахимов

«Менде екі нұсқа болды - Беларусь немесе Қазақстан. Бірақ мен біріншісін таңдадым. Хусановтың мысалы кез-келген футболшының мықты клубтарда ойнай алатын мүмкіндігі барын дәлелдеді. Менің мақсатым - еуропаның топ-лигалары», - деді А. Рахимов. 

Алишер Рахимов осыған дейін ресейдің Медиалигасында «Амкал»,«Broke Boys» командаларында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×