«Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко ақыры таңдау жасаған секілді.
24-жасар ойыншы жуырда берген сұқбатында клуб ауыстыруға ниетті екенін, сәті түссе Еуропаға кетуді де ойлайтынын жасырмаған еді. Алайда, Meta-ratings.kz мәліметінше, Устименко алдағы уақытта ҚПЛ-де өнер көрсететінге ұқсайды. Дәлірек айтсақ, алматылық қақпашы өзінің мансабын «Тобылда» жалғастыруы мүмкін делінген хабарламда.
Данил Устименко «Қайраттың» қатарында 2017-жылы дебюттік ойынын өткізген. Содан бері премьер-лигада 59 кездесуге қатысып, өткен маусымда алматылық клубпен чемпионатты ұтты. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының сапында бір матч өткізген болатын.
Біздің серіктес: FONBET