Испанияның бесінші дивизионында доп тебетін Данил Анкудинов хет-трик жасады.
«Менсахеро» намысын қорғайтын отандасымыз 19-тур аясындағы «Бусанадаға» қарсы кездесуде шеберлігімен көзге түскен болатын. Данил кездесудің 1, 19 және 27-минутында мергендік танытқан.
21-жастағы Данил Анкудинов испаниялық команда жейдесінде былтырдан бері өнер көрсетуде. Сондай-ақ, оның мансабында беларусьтің «Днепр-Могилев», литваның «Джюгас», армениялық «Ван», молдованың «Шерифы» мен ресейлік «Родина-2» командалары болды. Бұдан бөлек Анкудинов Қазақстанның 17, 19 және 21-жасқа дейінгі құрама командаларының жейдесінде де доп тепкен еді.
Біздің серіктес: FONBET