Тағы бір қазақстандық клубқа трансферлік тыйым салынды

21.03.2021, 22:06
Команда ойыншылар алдындағы қарыздарынан құтылмаған екен.
Тағы бір қазақстандық клубқа трансферлік тыйым салынды

«Қыран» футбол клубына трансферлік тыйым салынды, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы.

Шымкенттік командадан үш ұпай шегерілді. ҚКФЛ осылайша клубты ойыншылар алдындағы қарыздары үшін жазалады. Лига басшылығы жағдайды бақылауында ұстап отыр.

Бірінші лига ойындары 3 сәуірде басталады деп жоспарлануда. Жаңа маусымда 12 команда Премьер-лига жолдамасына таласатын болады.

Еске салайық, «Астана» клубына да Дмитрий Шомкоға қарыз болуына байланысты трансферлік тыйым салынуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×