Тағы да бір Қазақстандық футболшы мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін

25.09.2025, 10:00

Литва чемпионатының көшбасшысы "Кауно Жальгирис" "Астана" клубының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұралы Жақсылыққа қызығушылық танытып отыр.

Тағы да бір Қазақстандық футболшы мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін

20 жастағы футболшы биылғы маусымда Қазақстан Премьер лигасында 14 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Қазіргі таңда "Кауно Жальгирис” Литва чемпионатында бірінші орында келе жатыр. Клуб ең жақын қарсыласынан жеті ұпайға алда және бір ойын кем. Команда сапында бұрын "Астанада» ойнаған Фабьен Урега, сондай-ақ Қарағандылық "Шахтер” клубының бұрынғы ойыншылары Антон Толордава мен "Жетісуда" да доп тепкен Темур Чогадзе бар.

Өткен маусымда "Кауно Жальгирис” Литва біріншілігінде үшінші орын алған.

Айта кетейік, Нұралы Жақсылыққа қызығушылық танытып отырған тек Литвалық клуб емес, оған бірнеше ҚПЛ клубтары да көз тігуде.

– Offside.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×