Тағы да бір Қазақстандық футболшы мансабын РПЛ-де жалғастыруы мүмкін

Бүгін, 09:05

Павлодарлық "Ертіс" клубының 19 жастағы талантты қорғаушысы Нұралы Елемес Ресей Премьер лигасы клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Тағы да бір Қазақстандық футболшы мансабын РПЛ-де жалғастыруы мүмкін

Жас ойыншы мансабындағы ең маңызды сынақтың біріне аттанғалы жатыр.

Түркиядағы шешуші қаралым

Нұралы Елемес Түркияға бағыт алды. Ол жақта Peсейлік "Балтика” клубының оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл жай ғана жаттығу емес, жас қорғаушы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Егер ол бапкерлер штабының сенімінен шыға алса, Ресей клубы оған толыққанды келісімшарт ұсынуға дайын.

Павлодардағы сәтті маусым

Елемес өткен маусымда Бірінші лигада өзін жақсы қырынан көрсетті. Орталық қорғаушы 21 ойынға қатысып, 1 гол соққан.

Ресейлік клуб қазіргі таңда құрамды жастармен күшейтуге басымдық беріп отыр. Нұралының физикалық дайындығы мен ойынды оқи білу қабілеті "Балтиканың” талаптарына сай келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×