Тағы да бір Сәтпаев

11.04.2025, 14:00

"Rising Stars XI" парақшасы 16 жастағы шабуылшы Даулет Орынбасарға арналған арнайы жазба жариялады. Онда жас футболшының керемет жетістіктері атап өтілген.

Тағы да бір Сәтпаев

Rising Stars XI былай деп жазды:

"Даулет Орынбасар – QJ League тарихындағы ең көп гол және нәтижелі пас берген ойыншы. Ол 17 матчта 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіштерімен ол бұрынғы рекорд иесі Дастан Сатпаевты басып озды. Ал Дастанның өзі қазірдің өзінде "Челси” клубымен келісімшартқа отырған. Бұл нағыз вундеркинд."– деп жазылған.

QJ League дегеніміз не?

QJ League – Қазақстандағы жоғары деңгейдегі жастар лигасы. Бұл лигада елдің ең үздік жас футболшылары өнер көрсетеді. 
 
                                             Айболат Өнер

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×